Құсмұрын жүзік

Құсмұрын  жүзік.  ХХғ.

Құс тұмсық формасында жасалған сүйір-тұмсық, дөңестеу жүзік. Жүзіктің шығыршығы бедерлі болып келген де бауырына жүзік орнатылған. Жүзікті екі тақтаны айналдыра қаптау арқылы биік қасқа ширатпалап екі қатар өрім салынған, арасына айналдыра көзтана жүргізілген. Үстіңгі бетіне жүзіктің пішінін қайталай ширатпадан және жіңішке сымнан өрнек түсірілген.

Күміс (құрамы: 875˚, 800˚, 500˚; салмағы – 10,80 гр.;  02.09.1991ж. № 311 сынама актісі). Қалыптама, ширатпа, көзтана. Өлшемі: 3,5 х 2,3 см.

1991 ж. Қызылорда облысы, Арал қ., Привокзальная, 5 тұрғыны У.Б.Таевадан сатып алынды.