Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ туризм факултеті студенттері үшін мастер-класс өтті

Түркістан қаласында және Шымкент қалаларында 2018 жылдың 4-5 желтоқсанында, Пегас ірі компаниясының гиді, Туреб Түрік экскурсоводтар басқарма қауымдастығының және Анталиялық  ARO гидтер палата басшылығының мүшесі, Түркияның тәжірбиелі,  жоғары білікті маманы Мұстафа Ялчынкаяның қатысуымен, болашақ мамандығына қызығушылық тудыру және түсіну, экскурсия жүргізу ерекшеліктерін айқындау, туристік өнімді қалыптастыру, экскурсиялық маршруттар әзірлеу мақсатында, Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ туризм факултеті студенттері үшін мастер-класс өтті. Мастер-класс соңында әр қатысушыға Сертификат берілді.

Ұйымдастырушылар: «Түркістан облысының туризм индустриясының қауымдастығы» ЗТБ ЖК және «Түркістан облысының туризм және сыртқы байлансытар басқармасы» ММ.