«БҰЛ БІЗДІҢ ӨЛКЕМІЗ» ФОТО-КӨРМЕСІ

«Бұл біздің өлкеміз» фото-көрмесінің хабарландыруы

2018 жылдың 4 қыркүйекінде MEGA Silk Way саудаойын-сауық кешенінде «Бұл біздің өлкеміз» атты фотокөрмесі ашылады.

Көрмеге Түркістан облысының көрікті жерлеріне арналған облыстың танымал фотосуретшілерінің 16 фотосуреті кіреді.

Жобаны Туркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы жүзеге асырады.

Жаңадан құрылған облыс – Ұлы Жібек Жолының орталығында орналасқан және Қазақстанның Жібек жолы жүрегіне айналған ең жылы және қонақжай аймақ болып табылады.Түркістан облысы өзінің тарихи ескерткіштерімен - көне қорғандарымен, ежелгі елді мекендерімен, бекіністермен және кесенелермен танымал.

Фотосуреттерде ортағасырлық елді мекендерден, кесенелерден, ұлттық парктерге және табиғат нысандарына дейін түрлі құрылымдарды көруге болады.Әрбір фотосурет тек жердің суреті ғана емес, бұл аймақ туралы, оның ерекшеліктері, дәстүрлері және онда өмір сүрген ұлы адамдар туралы әңгіме.

Нысандар туралы ақпарат алудың ыңғайлығы үшін,фотожұмыстар ontustiktravel.kz сайтында 6 тілде ұсынылған кіріктірілген QR-кодтармен толықтырылған.

Фотожоба Алматы қаласының Халықаралық әуежайында және Ташкент фотосурет үйінде (Өзбекстан, Ташкент) сәтті көрсетілді.

Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары бір апта бойы сауда ойын-сауық орталығының жұмыс уақыты режимінде Түркістан облысының көрікті жерлерін тамашалай алады. Көрме ұйымдастырушыларымен салтанатты ашылуда кездесіп және әңгімелесуге болады.

Өткізу орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 62

                         MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы

Өткізу күндері: 2018 жыл 4-9 қыркүйек