Біз туралы

"Turkistan Tourism Center" туристік-ақпараттық орталығы – облыстың туризмін дамыту, бизнес ортаны нығайту сияқты ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету мақсатында 2015 жылы   құрылды.

Орталық «біртерезе» қағидаты бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарына алты бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бірінші бағыты – туроператорлар, көліккомпаниялары, гид және көші-қон қызметтері өкілдерінің көмегін пайдалана алу мүмкіндігін ұсынады. Екінші бағыты – облыстың туризм саласының даму әлеуетін зерттеу. Атап айтқанда, шет елдермен ынтымақтастыққа талдау жасау,  Орталық Азия бойынша туристік өнімдерді жылжытумен айналысатын туроператорларды таңдау, туристер үшін ақпараттық базаны қалыптастыру.

Үшінші бағыты - орталық ОҚО-ның туристік имиджін дамытумен, веб-порталдар үшін презентациялық бейнероликтер әзірлеумен, Шымкент, Астана, Алматы қалаларында билбордтар орналастырумен және жарнамаларды таратумен айналысады.

Төртінші бағыты - "Ontustik Tourism Center" орталығының міндеттеріне 500-ден астам ең ірі туроператорларды анықтау және оларға туристік маршруттарды ұсыну, шетелдік туристік орталықтармен жұмыстарды қадағалау.

Бесінші бағыты – туристік іс-шараларды өткізу және қатысу, алтыншы - туристік жобалардың іске асуына қолдау көрсету және туризм саласына инвестиция тарту.

 

Анықтама және кеңес беру қызметі:

               телефоны арқылы анықтамаларды ұсыну; 

               жеке кеңес беру; 

               карталар, жол көрсеткіштер, буклеттер, визиткалар тарату.

Маркетингтік қызметі: 

               Шымкент қаласында көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ, өткізілетін іс-шаралар туралы жарнамалық ақпараттарды құру және оларды тарату; 

               Шымкент қаласында орналасқан туристік компаниялар, қонақ үйлер мен басқа да туристік қызмет көрсетуші мекемелердің жұмысын алға жылжыту.

Мақсаты: 

Орталықтың басты мақсаты – бұл туристерді ақпараттармен қамтамасыз ету, өңірдің туристік әлеуетін маркетингтік жылжыту, туристік саланы үнемі талдау, оқиғалық іс-шараларды ұйымдастыру және тарту,т. б. Туристік-ақпараттық орталық – ішкі туризмді дамытуға және ОҚО бойынша туристік өнімдерді отандық және шетелдік нарықта жылжуына ықпал етеді. 

Туристік-ақпараттық орталықтың басты міндеттері: 

               туристерді ақпараттық қамтамасыз ету мен аймақтың туристік әлеуетін маркетингтік жылжыту;

                туристерді қолдау (Call-centre, құқықтық қолдау, визалық көмек, турлар мен маршруттарды, гид-экскурсоводтарды және автокөлікті таңдауда көмек беру, билеттерді брондау);

                туристік-ақпараттық порталды құру және жүргізу;

                туризм индустриясына үнемі талдау жасау және оның дамуына ұсыныстар әзірлеу;

                оқиғалық іс-шаралармен айналысуға жәрдемдесу және ұйымдастыру;

                оқу орталығын құру (туризм менеджменті бойынша курстар, гид-нұсқаушылар мен еріктілерді дайындау);

                туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту (агротуризм, мәдени туризм, экотуризм).

Шымкенттің орталығында бас кеңсе орналасқан, сондай-ақ, әуежайда және теміржол вокзалында туристік-ақпараттық дүңгіршектер қызмет көрсетеді, онда менеджер-консультант туристер мен қонақтардың сұрауы бойынша облыс туралы қажетті ақпараттарды беріп көмек береді, сондай-ақ, жарнамалық материалдарды тарады (журналдар , брошюралар, буклеттер, карталар, бейнелер және т.б.). Бүгінгі күні Туркестан қаласы мен Сарыағаш ауданында туристік ақпараттық дүңгіршектерді орналастыру жоспарланып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының туроператорларымен бір күндік және бес күндік бірыңғай маршрут жасалды, келген туристердің және орналастыру орындарының санын анықтау үшін туристік объектілерді талдау және түгендеу жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының аумағында «Top Gear» халықаралық телебағдарламасын қабылдау жоспарланып отыр, осыған орай іс-шараларды өткізу жоспары мен тест драйв жүргізуге арналған маршрут әзірленуде, сондай-ақ, демеушілерді тарту мақсатында «Мисс Туризм-2016» және «Южный-Казахстан в Кадре» іс-шараларын өткізу жоспарлануда.